НАСА-ның ресми сайтында Сатурн ғаламшарының серіктерінің бірінің фотосуреті пайда болды деп хабарлайды qamshy.kz. Ғалымдар ғаламшарлық дененің формасы өзгеше екендігін жасырмады.
Бұл фотосуретті «Кассини» аталатын Сатурн айналасында қозғалатын космостық аппарат жіберген. Космостық белгісіз дене өзінің өзгеше қалпымен тұшпараға ұқсайтындығы белгілі болды.
НАСА жіберген суреттерден бұл ғаламшарлық дене, Сатурнның серігі Пан деп аталады және оның айналасында өзін қоршаған «белбеу» тәріздес қалыптың бар екені байқалады.
Журналистер Сатурнның серігін «Нью-Йоркпен бірдей тұшпара» деп атап кетіпті.
«Кассини» өзінің жұмысын осыдан 20 жыл бұрын бастаған. 2016 жылдан бастап бұл космостық зонд аппараты Сатурн ғаламшарын зерттеуін бастаған.
Пікір қалдыру