Уфа қаласының Орджоникидзе ауданының прокуратурасы емдік шаралармен айналысқан бірнеше қазақ азаматын ұстады деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Белгілі болғандай, Қазақстан Республикасының азаматтары өткен жылдың наурызынан бастап маусымына шейін оқу-спорттық мәдени оратылығының бір бөлмесін жалдай отырып, «Ата-Жолы» деп аталатын емдеу курсын ұйымдастырған. Оларда медициналық білім де, лицензия да болмай шықты. Соған қарамастан «емшілер» аурудан айықтырамыз деп келуiілерге сөз берген. Олар емдеу барысында ата-баба аруағымен сырласқан, пациенттерді қамшымен сабаған делінеді.
Аталмыш факт бойынша аудан прокуратурасы тергеу шараларын бастады. Болашақта қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Айта кетерлігі, отандастарымыз жоғарыда айтылған орталықтың бөлмесін заңсыз пайдаланған. Себебі бөлмені жалға ұсынар алдында оның иесі көші-қон қызметіне ескертіп, рұқсат алмаған.