Лекс Фрец жақын құрбысының тойына қызу дайындалып жатты. Ол жүктіліктің 19-шы аптасында еді. Тойға бір күн қалғанда Лекс өзін нашар сезінді. Дереу ауруханаға барған Лекс сол күні екінші баласын дүниеге әкелді.

Жүктіліктің бесінші айында дүниеге келген сәбилер әдетте шетінеп кетеді екен. Кішкентай Уолтер Фрецтің ата-анасы үлкен қызына оны көруге рұқсат берді. Бауырлардың бір-бірін жақынырақ білуіне енді мүмкіндік болмайтынына Лекс пен жұбайы қатты қиналды.

Қазірдің өзінде Лекси баланың ерте дүниеге келуінің себебін білмейді. Жүктілік кезінде Лексидің еш жері ауырмаған екен.

Уолтер Фрецтің фотолары бастапқы кезде тек отбасы мен жақындарына ғана арналған еді. Алайда халықтың сұрауымен фотоны халыққа көрсетті.


Сәбидің фотосын көрген халық жүктіліктің және түсіктің қаншалықты нәзік әрі қиын екенін жазды. Бес айлық баланың фотосын алғаш көргендер өз таңданыстарын жасырмады.


