Пак Ёнми 13 жасында отбасымен Солтүстік Кореядан қашып шыққан. Аталмыш елден шығу екінің бірінің қолынан келмейді. Пак Ёнми Солтүстік Кореядан қалай қашып шыққанын және көрген қиындықтарымен бөлісті.
"Менің анам мені қорғауы үшін өзін зорлауға жол берді" деп көз жасына ерік берді.
4 жасымда анам мені құстар мен тышқандар ести алмайтындай сөйлеуді үйрететін. Солтүстік Корейдің диктаторы менің ойымды оқи алатынына сенетінмін.
9-ға толғанда анамның құрбысын өлтіргенін көрдім. Оның бар кінәсі голливудтық фильмді көргені.
Солтүстік Кореядан қашқан күні анамды зорлағанын көрдім. Зорлаушы қытайлық брокер еді. Олардың маған көзі түсті. Менің жасым 13-те болды. Әкем Қытайда көз жұмды. Оны түңгі үште жасырын түрде жерлеуіме тура келді.
300 000 жуық Солтүстік Корейдің босқындары Қытайда қорғансыздың күйін кешеді. Ал қыздардың 70% құрбан болады. Оларды кейде 200 долларға сатып алады.
Біз компаспен Гоби шөлімен келе жаттық. Ол сынып қалғанда жұлдыздарға қарап жол таптық. Өліп қалмаудың қамын жасап Гоби аралын жүріп өткенде бұл әлемнің мен де ешқандай ісі жоқ деген ой келді. Жұлдыздар ғана маған серік болғандай. Бірақ сіздер менің бастан кешкен оқиғамды тыңдадыңыздар және сіздер үшін ол ол маңызды болды. Сол үшін көп-көп рахмет!