qamshy.kz-тің электронды поштасына Серік Самарқановтың атынан хат келіп түсті. Мақаланы назарларыңызға ұсынамыз.
Адайдың ұлы Серікбол Қондыбай марқұмның арғықазақ мифологиясы атты ғылымды енгізіп кеткені белгілі. Міне, осы ғылымның негізінде қазақтың нақты тарихын тануға болады. Серкіболдың жазып кеткен «Арғықазақ мифологиясы» кітәбінен дәріс алып, тарихшы ретінде, шежірешінің баласы, немересі, шөбересі ретінде «Қазақтардың құпия шежіресі» атты кітәпті жазу үстіндемін. Алғашқыда ұсыныс Жетісу төрелер қауымдастығының төрағасы, Қазақстанның мәдениет қайраткері, «Шыңғыс хан» орденінің иегері Мұхтархан Абағаннан түскен еді. Яғни, Шыңғыс ханның түрік екенін дәлелдеу керек болды. Алайда, зерттеу барысында түріктің бөлек, қазақтың бөлек массивтер екені айқындалды. Сондықтан түрікшіл төрелер менің айтқандарыммен келіспеді. Бәлкім, оларға бабаларының түбінің «титулді рулардан» -үйсіннен, дулаттан болғаны керек шығар? Өйткені, Қ.Байбатшаның жазған «Қазақстанның антропогендік тарихы» атты кітәбінде Түрік қағанаттарының ежелгі Үйсін мемлекетінің заңды мұрагері екені айтылды. Түрік атасы деген Ашинаның Дулат екені айтылады. Шыңғыс хан адай халқының ұлы болған соң, Ақтаудағы жолдастарым бұл кітәпті адайлардың қаржыланғандарының дұрыс болатынын айтқан еді. Анығында, бұл кітәп жалғыз Шыңғыс ханның тарихына қатысты емес, жалпы қазақтың тарихына қатысты. Өйткені, Шыңғыс ханның тарихын қазақсыз, қазақтың тарихын Шыңғыс хансыз айту мүмкін емес. Адай ағайындар қаламақы мен баспалық қаржыға келісім берген еді, алай да, олардың қаржыгерді табуы ұзаққа созылып кетті. Кітәпті лайықты түрде жазып шығу үшін Маңғолияға барып Қарақорымды көріп, мағол халқының құрамындағы баяттардың шежіресімен танысу керек еді. Бұлардың, мағолдардың арасында қалып қалған байұлы адайлар екендері талай жерде айтылған. Баяттар мағол тілінде сөйлесе де, диалектерінде қыпшақ тілінің элементтерін сақтап қалғандар. Және де, мағолдағы нақты баяттың тұқымының ДНК белгісін білуіміз керек. Мағол генетиктері 30% мағол халқының ДНК белгісінің қазақтағы Әлімұлы мен Байұлының 18 тайпасының адамдарының ДНК белгісімен сәйкес екенін айтып отыр. Алай да, бұл 30 пайыздың ата-тегінің кімдер екенін жасырып отыр. Шыңғыс ханның халха-мағол болмай шығатынынан қорқып отыр. Осыны анықтау үшін шежірешінің айтқаны бойынша ДНК сараптамысын жүргізу керек. Яғни, Шыңғыс ханның шығу тегіне қатысты соңғы нүктені біздер генеалогиялық (шежірелік) және генетикалық зерттеулердің нәтижесінде ғана қоя аламыз. Осы істің бәрі де қаржыны талап етеді. Маңғыстаудың қалталы, патриот азаматтарымен келіссөз жүргізсек пе деймін. Төменде болашақ кітәптан құлаққағыс ретінде қысқаша мазмұн жібердім.
Серкібол Қондыбайдың еңбегінде айтылағандарды қазіргі таңдағы ғалымдардың өздерінің ұға алмайтынын оның жақтастары айтқан еді. Мәселен, осы Серікболдың қолжазбасымен танысып Иманғали Тасмағамбетке жеткізген Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан республикасының еңбегі сіңген қайраткері Қойшығара Салғараұлының өзі Серікболды ұқпаған. Сондықтан да, өзінің жазған мағолдар жөніндегі кітәбінде мығұлдардың түбін Азау теңізі жағынан тартқанда, ол жақта қасиетті жер ұйығы, аңыздағы Ергене қоңның бар-жоғын білмеген. Мыңғұлдың түбін Ергене қоңды таппай айту бос әңгіме. Мен болсам, Серікболдың еңбегімен танысқаннан кейін, күллі түрік әлемі, күллі мағол әлемі ғасырлар бойы іздеген, Асан қайғының өзі алты атанға жүк артып, алты жыл ел кезіп, жер кезіп жүріп таба алмаған Ереген қоңды таптым. Сондықтан да ғаламторда жарық көрген бір мақаламда, Серікбол болмаса, мен бұл жаңалықты аша алмасымды айтқан едім. Ергене қоң табылғаннан кейін, қазақ ғалымдарын ерен еңбек күтіп тұр. Ол еңбектің нәтижесі – қазақтың нақты тегін күллі әлемге паш ету болмақ. Ең жоғарғы нәсілдік, арийлік тегін.
Қайрат Зарыпхан. Шежіретанушы. «Бөрі найман», Племя волков» аты шежіре-кітәптардың авторы. Публицист. «Ұлт ақпарат» және де «Абай ақпарат» порталдарында жарық көрген 15 шақты мақаланың авторы. Өз елінде шежіреші, әлеуметтік жүйе кеңістігінде шыңғыстанушы ретінде танымал. Қазақтың хас батыры Көкжал Барақтың қара шаңырағындағы төте ұрпағы.
Шыңғыс хан туды арқардан
Дала ауыз тарихы бар халық болғандығымыздан біздердің түп-тамырымызды шежіре деректері ғана нақты айта алады. Алай да, шежіренінің жасырын мағыналарын түсіне білу үлкен тәжірбиені талап етеді. Шежіренің сырларын көре алатын көз, сезе алатын жүрек керек. Біздердің тарихымыз таңбалы тастарда, шежіре аңыздарында, аңыз-әфсаналарда, тіпті, ертегілерде сайрап жатыр. Осыны түсіну үшін біздер қазақтағы жаңа ілім – арғықазақ мифологиясын жете зерттеуіміз керек. Сондықтан да қазақтың шығу тегін шежіре деректерінен қарастарайық. Шежіреде Алаш пен Наурыздың ағайындар болғаны, Наурыз ерте қайтыс болып, көз жұмарында: «Жыл сайын мені еске алу үшін жылқы сойып ас берерсің» деп кеткені жөнінде айтылады. Артынан ұрпақ қалмаған екен-мыс. Наурыз дегеніміздің парсыша «жаңа күн» екені белгілі. Сонда, парсы тіліндегі атау қазақтың арасында қайдан жүр? деген сұрақ туындайды. Және де, ол неге алашқа, яғни қазаққа ағайын болады? Алаш деген кім? Міне, арғықазақ мифологиясы дегеніміз осы сұрақтардың бәріне жауап бере алады. Ал енді, арғықазақ дегеніміз ең жоғарғы нәсіл - арийлер болады. Қазақ ғалымы профессор Еренғайып Омаров пен генетик ғалымы Жақсылық Сәбитовтар мифология мен қазба жұмыстарының негізінде қазақтардың бабаларының арийлер екендерін дәлелдеп берген еді. Қазақтың арыс дегені – ариилік (ариец) деген мағынада айтылған. Сондықтан да қазақ шежіресі үш жүзді – Ақарыс, Жанарыс, Бекарыстардан таратады. Арийлердің қасиетті кітәбі «Авестадан» біздер қазақтарды көре аламыз. Өткен дәуірдің 10-8 ғасырларында он екі мың сиырдың терісіне алтынмен жазылған бұл кітәпта, арийлердің көңіл көтеру үшін хаома ішімдігін дайындап ішетіндері жөнінде айтылады. Осы хаома сөзінің бүгінгі қазақтың қымыз сөзімен үндес екені айдан анық. Хоома-хоомыз. Тарихи деректердегі саки-хаомаварги дегендеріміздің қымыз өнідертін сақтар екендерін түсінуге болады. Ал енді сақтардың арийлермен байланысының бар екені ғылымда ешбір дау туғызбайды. Сақ дегеніміз парсы тілінен келген – сағы, яғни ит дегенді білдіреді. Яғни, сақ дегеніміз «ит елі» деген мағынаны беріп тұр. Сондықтан да қазақтар итке қатысты сақ, саққұлақ деген сөздерді қолданады. Ал енді ит болса, ежелгі арийлердің әулиеге теңелген жануары болады. Сондықтан, арийлер жөніндегі әңгімемізді, бабаларымыз жеті қазынаның біріне санаған ит жануарынан басталық.
Оңтүстік Қазақстандағы Арпаөзен маңындағы таңбалы тастарда, арийлердің заманында салынған суреттен біздер арийлердің қосаяқ арбаларының қасында тазы ит пен төбеттердің жүгіріп келе жатқандарын көреміз. Ең алғашқы қосаяқ арбалар арийлерде болған, және де бұл арбалар – соғыс арбалары болған. Арйилердің қосаяқ арбаға мінген замандары тарихта «қаһармандық заман» (героическии век) деп аталады. Яғни, қосаяқты арба ит жануары сияқты арийлердің енді бір белгісі болады. Ал енді, тазы итті ирандар, яғни Орта Азиядағы арийлер жөнінде жазған Фердоуси сол қалпында – тазы деп атайды. Авестада болса, тазы итін «дужака» деп атаған. Міне, ғасырлар бойында осы дужака атауы –дужа, дожы, дажы, тазы болып реконструкцияға түскен, арийлердің қасиетті жануарын білдіретін атау. Арийлердің ұғымында сары түсті тазы жын-шәйтәнді қуатын болған екен. Сондықтан да арийлер тазы иттерін киіз үйдің ішінде ұстап, солармен бір дастарханның басында тамақ ішетін болған. Ал енді, біздің бабаларымыз болса, осы салтты ұстанып, тазы иттерін киіз үйдің ішінде жастыққа жатқызып ұстағандары белгілі. Қазақтардың төрткөз иттерді ұстамайтындары белгілі. Ежелгі арийлердің ұғымында, төрткөз ит өз иесін о дүниеге ертіп әкететін болған екен, сондықтан олар бұндай итті ұстамаған. Арйилерде итті өлтіру үлкен күнәға жататын болған. Тіпті, төбет пен қаншық қасқырдан туған күшікті өлтіру күнә болған. Тек қана, қасқыр мен қаншық иттен туған күшік қана өлтірілетін болған екен. Ал енді, қасқыр, яғни бөрі болса, қазіргі қазақтарға сияқты, арийлерде адамның нағыз жауы саналған. Сондықтан болар, қазақтардың бөріні – «қас», сондықтан «қыр» деген ұғымда қас+қыр деп атағандары. Арийлер тасбақаны да жек көріп, оны «зияминура» деп атаған. Осыдан қазақта «зымиян» деген сөз қалған. Тасбақаны өлтіру үлкен сауабқа жататын болған. Арийлердің енді бір жауы айдаһар еді. Қазақтың айдаһар дегені арийлердің тіліндегі «ажидаха» дегеннен қалған. Арийлер ақбоз атты құрбанға шалып, бұл істі «ашвамедха» деп атаған соң, қазақтың «ас» сөзі осыдан болған. (ас беру). Арийлер ас бергенде тек қана ағаш ыдыстарды қолданған. Ағаш табақ та, арийлердің белгілерінің бірі болады. Міне, осы ақбоз атқа қатысты Алаш атауы пайда болған. Яғни, Наурыздың бауыры деген Алаш атауы арийлердің заманынан бері келе жатыр. Оның мәнісі мынада.
Қазіргі таңда ақылдары таяз зерттеушілер алаш дегенді дулаттар құрған Түркеш алачу заманынан бері келе жатқанын айтады. Бұл жердегі «алачу» дегеніміз пәс, аласа, төмен деген мағынада айтылған. Яғни, кіші қағанат дегенді айтып тұрған болса керек. Бұл алачудың аңыздағы ақбас (алабас) балаға ешбір қатысы жоқ. Қазақ мифологиясы Қызыл Арыстан ханның әйелі алабас баланы туғанда оны ай далаға апарып тасталғаны жөнінде айтады. Бала жат жерде ер жетіп, кейін әкесін тауып алады екен-мыс. Бұл жердегі Қызыл Арыстан дегеніміз – қызылбас, яғни парсы дегенді білдіріп тұр. Арийлердің иран заманындағы айтылатын аңызда Самның әйелі ақбас баланы табады екен. Оның атын Зал қояды. Әкесі ақбас баладан шошынып, оны «пятнистый леопард» атап, тауға апартқызып тастағанында, сәбиді самұрық құсы асырап алып ер жеткізеді. Кейін, бала батырға айналғанда әкесін тауып алады. Патша оған арабтардың ақбоз атын сыйлайды. (теңбіл көк). Залдың өзі де, қол астындағы әскері де кілең ақбоз аттарға мініп турандарды шапқанда, олар арийлерді «алаатшын», яғни ала ат мінгендер атап кетеді. Міне, осы «алаатшын» дегеннен алаш атауы шыққан. Яғни, түрік дәуірінде алаатшын дегеніміз алачин деп айтылып, алачин, алач, алашқа айналған. Алшын дегеніміз де, осы ала ат мінгендер болады. Демек, алаш дегеніміз арийлер қастерлеп құрбандыққа атаған қазақтың ақбоз аты. Ақбоз атты ала ат деп те айтуға болатыны белгілі. Ал енді, Әкім Таразидің айтқанында, ертеде «ақ» пен «ала» дегеніміз бір сөз болған екен. Атам қазақ: «Алаш, алаш болғанда, ала тай ат болғанда» деп, алашты атсыз айтпаған.
Қазақтардың самұрық құсты қастерлеп, «Мәңігілік ел» монументінің үстінде самғатып қойғандарының, осы арийлердің заманындағы Залға, яғни Алашқа қатысы бар екені айтпаса да түсінікті. Қазақтың, яғни алаштың қамқоршысы дегенді білдіріп тұр. Ал енді, «көктүрікшілер» табынып жүрген қазақтың жауы көк бөрінің Астанамызда бірде-бір нышаны жоқ. Өйткені, қазақтардың түбі бөріні қастерлеген ғұн-түрік емес, ит жануарын қастерлеп жеті қазынаға санаған - арийлер!
Жоғарғы Зал турандарды жеңген соң, иран еліне патша керек болғанда, әкесінің тапсырмасымен Албурз (Эльбурс) шыңынан Кей Кувадты алып келеді. Осы Кей Кувад арийлердің патшалар әулетінің атасы (родоначальник) болып келеді. Бұл әулеттті ғылымда «кеяниды» деп атайды. Яғни Кей, Кай әулетінің өкілдері деген мағынада. Кей Кувад дегеніміз қазақ мифологиясындағы, атап айтқанда «Алпамыс» жырындағы Алпамыс батырды зынданнан шығарып алған Кейқуат болады. Профессор Еренғайып Омардың айтқанында, Алпамыстың Кейқуатты иран еліне патша қойғанының тарихи негізі бар. Қазақтардың ханды көтергенде ақ киізге салатыны, ақ киіз таудың басындағы ақ мұзды шыңды білдіретін болғаннан. Өйткені, арийлердің ұғымында, Көк Тәңірі жіберген патшалар әулеті таудың басындағы шыңнан түскен. Осыдан біздер Шыңғыс ханның лақаб атының анығында Шың+құз болғанын түсінеміз. Бұл сөз Темужинге қатысты «таудың басындағы шыңнан, құздан түскен» деген мағынаны беріп тұр. Яғни, «патша» деген мағынада. Енді, «Алпамыс» жырындағы «Қарақан тауда қамалым» деген сөзді талдалық.
Арғықазақ мифологиясында Ергене қоң деген жер атауы бар екені белгілі. Түрік аңызында осы Ергене қоңға жауларынан жасырыну үшін Қаян мен Тоғыз, енді бір нұсқасында Қиян мен Нүкүз екі әйелін ертіп кетіп қалады екен-мыс. Кейін, 450 жылдан соң, олардың ұрпақтарын бастаған Бөрте шене мен Қуа Марал ана, Ергене қоңның жалғыз қақпасын жауып тастаған тас бөгеуді от қойып жарып шығып, талай-талай теңіз-дарияны кешіп, Мағол үстіртіндегі Бұрқан-Қалдан тауына келіп қоныс тебеді. Мифология Ергене қоңның Алтай тауларында екенін айтады. Сондықтан да, барлық зерттеушілер, соның ішінде Әлкей Марғұлан да бар, бұл жер жұмағының Алтай тауларында екенін айтады. Біріншіден, масасы мен қары қалың, аязы қатты Алтай тауларының қай жері болса да, жер жұмағы болуы мүмкін емес. Екіншіден аңызда олардың Алтай тауынан кеткенде Ергене қоңға жету үшін айлап, жылдап жүргендері айтылады. Және де олар Ергене қоңды архардың ізімен тапқан. Демек, олар жылдар бойы жүрсе, онда Алтай тауларынан шығып кеткен. Зерттеушілерден тек қана Қайрат Закирянов ағамыз Ергене қоңның Мавреннахрда, яғни Сырдария мен Амудария маңында екенін айтқан. Алай да, ол кісі бұл жер жұмағаның географиялық тұсын дұрыс айтса да, Ергене қоңның қай жер екенін айта алмаған. Ергене қоң дегеніміз қазіргі Ферғана тау аңғары болады. Бұрынғы тәжікше, яғни арийлерше атауы – Иаргана, Ергенемен үндес атау. Мырзашөлге қараған жалғыз қақпасы бар, аңызда айтылғандай ортасынан дария өзен, яғни Сырдария ағып жатыр. Жер жұмағына тән бау-бақша, жүзім өседі. Егін мен мал жылына екі өнім береді.
Міне, аңыздағы Қиян мен Нүкүзден 450 жылда ұрпақ көбейген жері осы Ферғана аңғары, тау шатқалы болады. Бұл аңғар тең қабырғалы үшбұрыш сияқты болып келеді. «Алпамыс» жырындағы Жиделі-Байсын да осы маңда екенін ескеретін болсақ, жырдағы «Қарақан тауда қамалым» дегендегі қамалдың осы Ферғана аңғары екенін түсінеміз. Алпамыстың елі Қоңыраттың осы Ергене қоңнан шыққаны анық. Қарақан таудағы қамал дегені, Авестада айтылатын Кангха қамалы болса керек. Олай болса, Ергене қоң дегендегі «қоң» сөзі, Серікбол айтқан «қоңғ», қаңғ» яғни қаңлы болады. Осы жөнінде орыс зерттеушісі С.Г. Кляшторный өзінің зерттеулерінде: «Все исследователи кангюской (қаңлы. Қ.З.) проблемы исходят так же из положения, незыблемость которого не подвергалось сомнению, - о тождестве Кангюя Чжан Цяня с Кангхой Авесты» деген еді. Ферғананың тәжікше, яғни арийше атауы Иаргана – тау арасындағы аңғар дегенді білдіргенде, Ергене қоң дегеніміздің, - Тау аңғарындағы қаңлы екенін түсінеміз. Ал енді, қоңырат этнонимінің ежелгі деректердегі атаулары - хонкират, councarates, хунарат, кунгарат. Бұларды осылай деп іргелес отырған мағол тілдес кидандар атаған болса керек. Мағол тіліндегі «арат» дегеніміз «халық» дегенді білдіретін болғанда, қоңғарат дегеніміздің «қаңлы халқы» екені айқындалады.
Қостанай өңіріндегі арийлердің қаласы Арқайымынан қазба жұмыстары кезінде үшбұрышты үйлер табылған. Авестада болса, Ием пайғамбардың таудың қарынан болған топан судан сақтану үшін, саманнан Вара атты үй салғаны жөнінде айтылады. Жаратылыстан бері жер бетін топан су үш мәрте басқан дейді. Яғни, Иемнің заманындағы топан су Нұх пайғамбардың заманынан ертеде болғандай. Кейбір деректерде бұл Иемнің салған үйін Кангха-Вара деп те атайды. Ферғана дегеніміз бастапқыда Варахана болуы да мүмкін. Ферғана аңғарының тең қабырғалы үшбұрыш болғаны, бұл тау аңғарының қолдан салынғанын меңзеп тұр. Осыдан жиырма бес жыл бұрын не болғанын бір Аллаһ қана біледі. Жалайырлар өздерінің таңбаларының жиырма бес мың жыл бұрын пайда болғанын айтады. Енді осыны айталық.
Өзіміздің ақнайман ағамыз, философия ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Сәбетқазы Ақатай марқұм, Жалайырдың тарихының күллі қазақтың тарихы екенін айтқан еді. Алай да, ғалымының айтқан жалайыр атауына қазіргі жалайыр-манақ тайпасының қатысы жоқ. Жалайыр дегеніміз – жалды айыр, арий-қазақтардың туы, таңбасы болады. Яғни, ежелгі грек мифологиясындағы теңіз құдайы Посейдонның айырынан өзгерек болуы үшін, түбіне атттың жалының қылы байланған айыр. Бұл жалайыр таңбаны біздер б.д.д. 135, б.д. 1-30 жылдары құрылған Юечжи-Кушан патшалығының алтын теңгесіндегі патшаның қолынан көреміз. Осы теңгеден біздер Найман шежіресіндегі Өкірешті де, «ноқта ағасын» да (терістаңбалы), қазір біздер «шөміш» атап жүрген, анығында найманнның «ноқта» таңбасын да көреміз. Бұл Юечжи-Кушан патшалығы қазақтардың ең алғашқы мемлекеті болады. Көптеген зерттеушілердің, соның ішінде Левшиннің, Машановтың, және де парсы, қытай деректерінің айтқандарынан біздер қазақ дегеннің Иса пайғамбардың заманынан бұрын болғанын білеміз. Тіпті, сонау Аравиядағы пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-ның осы қазақтардан, яғни хузаағтардан шыққаны белгілі. Хузаағтардың қазақ екенінің дәлелі ретінде біздер, пайғамбарымыздың руының атауының «бану калб», яғни ит ұлдары, ит елі болғанын келтіреміз. Орыстар біздің тарихымызды біздерден артық біледі, сондықтан да олар өзбекті де, тәжікті де, қырғызды да емес, дәл біздерді «калбиты» деп атаған. Бұл калбит дегеніміз кейін тексіздердің шығарып алған «қал» және «бит» деген сөздердің қосындысы емес - маадит, шайбанид, ваххабит дегендердегі сияқты, «калб» руының адамдары дегенді білдіріп тұр. Яғни, ит елі деген сөз. Біздер қорланатын емес, мақтан тұтатын сөз. Осыдан біз қазақ деген атаудың арийлердің заманында пайда болғанын, және де пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-ның арий-қазақ болғанын түсінеміз. Пайғамбарымыздың бабасы Қосай Меккеге келіп бұл жерді ең алғаш пайда көзіне айналдырған. Қосай дегеніміздің екі ай, яғни «две луны» екені белгілі. Ал енді, Қосай есімі болса, қазақ атауының синонимдерінің бірі болады. Оның мәнісі мынада.
Олжас Сүлейменов өзінің «Аз и Я» атты кітәбінде орыстың Кощей дегенін қиялдан «көшші», яғни көшпенді дейді. Анығында Кощей дегеніміз осы Қосай болады. Қазақтар аспанда былтырғы сияқты екі ай туғанда, Ай Тәңіріне табынатын болғандықтарынан осы көрініске қуанып, «Тәңір бізді қолдап тұр» деп ойлап, жауларына «қосайлап» ұран салып шабатын болған. Қосай атауы осыдан қалған. Қазақтың қайсы бір тайпасын алсаңыз да, оларда Қосай атты ру тармағы бар. Қытай деректеріндегі қазақтарға қатысты «хаса, «каса», «касо» дегендері де осы Қосай атауына қатысы бар болса керек. Ал енді, орыстардың болса, толған Айдан қорқатындары белгілі. Толған Ай кезінде «бесы гуляют» деп шошиды. Ай екеуленгенде біреуі қызыл түсті болғандықтан олар оны «кровавый месяц» деп атаған. Орыстардың «Слово о полку Игорве» атты эпостарында князь Игорьдің Күннің тұтылғанынан секем алғаны жөнінде айтылады. Анығында бұл Күн оның көзіне толған Ай кейпінде көрінген. Сондықтан ол: «Қазақтардың Айы оңынан туды» деп үркіген болса керек. «Летописная повесть о походе Игоря Святославовича на половцев в 1185 году» атты деректе: «Когда подошли они к реке Донцу в вечерний час, Игорь, взглянув на небо, увидел, что солнце стоит как месяц» делінеді. Ал енді Кощей жөнінде: «Лунный Кощей бессмертный, Племя Кощеево спустилось на землю с луны», Славянско-Арийские Веды дерегінде: «оплоты Кощеев, что на ближайщей луне находились» деп, оның атын Айға қатысты айтады. Яғни орыстардың зәресін алған Кощейіміздің Қосай болғаны. Қазақтар 18-ші ғасырға дейін, яғни жоңғар шапқыншылығы заманына дейін аспанда Ай толғанда жауларына шауып отырған. Мәселен, шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы өзінің жазғандарында, қанжығалы Бөгенбай батырдың Ай толған кезде міндетті түрде қалмақтарды шабатынын айтады. Шыңғыс ханға дейін, яғни Қабыл қағанның кезінде өздерімен соғысқан мағолдар жөнінде қытайдың «Цза-цзи» атты дерегінде: «Они могли видеть ночью» дегендерінен біздер олардың да, Ай жарығымен шабуыл жасағандарын түсінеміз. Мағол дегеннің де қазақтың бір атауы екені төменде айтылатын болады. Ал енді, ежелгі половецтердің қаңлы-қыпшақтар екендері осы эпостағы: «крычатъ тълъги полуношы, рци, лебеди распужены» деген сөздерден білінеді. «Олардың арбалары үркіген аққулардай қаңқылдайды» дегендері, арбаларының «каңғ» дыбысын шығаратын қаңлыларды айтып тұр.
Қазақ дегеніміз орыстар айтқан кай+сак, яғни каийлер және сақтар деген мағынаны білдіреді. Кай дегеніміздің біріншіден патшалар әулеті екенін айттық. Екіншіден Шәкәрім қажының айтқанында Каийлердің қаңлы екендері белгілі. Міне, қазақтың атасы осы қаңлы болады. Сондықтан да қазақта: «Қазақ болмағанда қаңлы болған» деп айтылады. Жоғарғы Ергене қоңға кеткендер де, одан шыққандар да осы қаңлы-каийлер болады. Қиянның тұқымы - Қият дегеніміз каи+ут деген атаудың реконструкциясы. Бұл жердегі «ут» жалғауы – от, ошақ, әулет дегенді білдіреді. Мәселен, тайшыут дегеніміз тайшы әулеті, бесут дегеніміз бес әулет, бурут дегеніміз бура әулеті болады. Шыңғыс ханның осы қият-бөржігіндерден шыққаны белгілі.
Ал енді, қаңлы дегеніміздің бастапқы атауының «ханлы» болуы да мүмкін. Яғни бұлардан ел басқарған адамдар шыға берген соң Геродот «царские скифы» деп айтқан сақтарды – хансақтары, кейін ханлы атаған болса керек. Сондықтан да, қазақта: «Келелі елде қаңлы бар, қаңлыдан хан көтер» деп айтылады. Өйткені, арийлердің ұғымында, елбасы арийлік болмаса, ол елде шәйтән ойнайды екен. (Злой дух там, где правитель не ариец. Авеста). Соғыс арбасына ие болып жүрген ежелгі қаңлылардың түбінің арийлер екендері анық. «Оғызнамеден» біздер қаңлылардың, қыпшақтардың, қарлұқ пен қалаштардың оларға (түріктерге) жатпайтынын түсінеміз.
Осымен қатар қаңлы этнонимінің «қаңғ» яғни арба дегеннен болғаны айтылады. Орал таулары, Жайық өзені мен Каспий теңізінің территориясында мемлекеті болған арийлерден кейін, тарихи деректерде біз арбаны осы қаңлылардан көреміз. Яғни арийлерден хансақтары, хансақтарынан қаңлы, қаңлыдан қыпшақ, қыпшақтан қазақ пайда болған десе болады. Кейбір зерттеушілер қаңлы мен қыпшақтың бір массивтің екі атауы екенін айтады. Қыпшақ дегеніміз Кави+шақ дегеннен болған. Кави атауы ең алғаш Авестада кездеседі. Бастапқы Авестада бұл атау абыз-ақын, яғни көріпкел, әулие, ақын дегенді білдірсе, кейінгі Авестада патша деген мағынаны беріп тұр. Анығында Кави дегеніміз Каи дегеннің бастапқы фонетикалық нұсқасы. Сонда кави+шақ дегеніміз кай+сақ болады. Қыпшақ шежіресі бұларды Көбеқалыптан таратады. Көбеқалыбымыз – кави, яғни абыз ақын, қалып дегеніміз түп-тамыры дегенді білдіреді. Қазіргі замандағы қазақтың бақсы-балгерлерінің аруақтардың батасын бергенде тақпақтап сөйлетіндерінен біздер, олардың осы абыз ақындардың ұрпақтары екендерін түсінеміз. Құран кәрімнің де жыр болып түскені белгілі. Ал енді, жоғарғы Қиянды тарихи деректерде Хуян, Қоян деп те атайды. Қиян атауы – кеянид, яғни Кай әулетінің өкілі деген мағына беріп тұр. Яғни Ергене қоңға кеткендер ешқандай да ғұн-түріктер емес, қаңлы-қазақтар. Ергене қоң - ғұн-түріктің отаны емес, арий-қазақтың қасиетті мекені, тарихи отаны болады. Енді таңбаларға оралайық.
Қазақ ғалымдары: «Екі адамға бір төлқұжат берілмейтіндей, ертеде екі тайпаға бір таңба берлімеген» дегенді айтса, Қайрат Закирянов: «Тамьга –идентификатор племени» дейді. Яғни кімнің кім екенін біздер таңбалардан тани аламыз. Мәселен, каийлардың түрік дәуіріндегі таңбасы найманнның «бұқа мүйіз» (V) таңбасы мен қыпшақтардың «екі пышақ» ( II ) таңбасы. Дәлірек айтқанда найманның таңбасы Кай әулетінің таңбасы. Ал енді, арий дәуіріндегі Кай әулетінің таңбасы қазіргі «шөміш», анығында «ноқта» таңбасы. Бұл ноқта таңба қазіргі терістаңбалы мен табындарда, албан мен суандарда, қораластарда, керделілерде, рамадандарда сақталған. Кеянидтердің ноқта таңбасының бір шетінде найзаның ұшы бар. Ұғынықты болу үшін айтқанда, шөміштің сабының ұшында найзаның басы. Яғни кеянидтердің таңбасы «ноқталы найза» болады. Елбасымыздың шежірелік бабасы Бәйдібектің ноқталы найзасының болғанын екінің бірі біле бермейді. Және де, шапыраштының түбі де қаңлы-қият. Сондықтан да шежіре, бесшам шапыраштыны кеянидтердің атасы деген Бөртеден таратады. Анығында бесшам шапырашты қияттардың Бесут тайпасы. (бес от, бес шам). Тең қабырғалы үшбұрыш сияқты «тұмар» таңбасы, ежелгі түймеге ұқсас болған соң, парсы тіліндегі түйменің «чапраз» атауына қатысты «чапразлы» атанып кеткен. Екінші Ү таңбасы Каийлардікі. Үшінші таңбасы Ай таңба. Ноқта таңбаны да, үш аша жалайыр таңбаны да, Өкірешті де, біздер алтын теңгеден басқа жерде, яғни Алматы облысындағы Тамғалыдағы арийлердің заманында салынған аспан асты ғибатадханасынан көреміз.
Тамғалы тастардағы суреттер қола дәуірінен келе жатыр. Міне, осы суреттерден біздер қазақтың нақты тарихын біле аламыз. «Мағолдардың құпия шежіресіндегі» Бөрте шене мен Қуа Марал дегеніміз қазақтарға сонау қола дәуірінен бері белгілі болған. Және де, «мағол» дегеніміз қазақтың бір атауы болады. Кейін, қазақтар солтүстіктен кеткенде бұл мағол атауы біздің орнымызда қалған, қытай деректеріндегі орман халықтары, яғни «жабайы татарларға» ауып кеткен. «Құпия шежіре» Бөрте шененің ұрпақтарын Дубун-Баян, яғни терістаңбалының атасы деген Домбауыл мергенге дейін таратады. Осы Домбауыл мерген, асырап алу үшін үйіне баяут, казіргіше Байұлы тайпасының «мағал» руынан бір баланы алып келеді. Өзінің Бөгентай, Белгімтай деген екі ұлы болады. Үй шаруасымен айналысқан бұл баланы «Құпия шежіре» – «баяут-мағалық» деп атайды. Яғни, мәселен, «сатыйлық», «төртқаралық» дегендегі сияқты, бұл жердегі «ық» жалғауы бұл баланың «мағал» руынан екенін білдіріп тұр. Қазіргі «мағол» дегеніміз осы «мағал» болады. Оның мәнісі мынада.
Тарих ғылымдарының докторы, Монголиядан қайтқан оралман ғалым, «Шыңғыс хан» атты зерттеу кітәбінің авторы Зардықан Қинаятұлының айтқанында, Домбауыл мерген қайтыс болғаннан кейін, оның жары - қоңырат-қораластық Алан ана осы баяут-мағалықтан үш ұл (үштік) табады. Туыстары мен балалары «құлдан таптың» деп бұларды өлтіріп қоймауы үшін Алан ана бұл балаларды Ай сәулесімен бірге келген Көктің нұрынан таптым деп лақаб айтып, бұлардың «жұмбақ» жаратылуын идеологияға айналдырады. Міне, осы үш баланың кенжесі Боданжар – Шыңғыс ханның әулеті саналатын бөржігін-қият, нирун, яғни «нұрдан жаралған» әулеттің атасы саналады. Таңбасы арийлердің «свастика» таңбасы болған бұл Боданжар Шыңғыс ханның тоғызыншы бабасы болады. «Балаларға өзінің ата-тегін ұмытпауды үйретіңдер» деп өсиет айтқан Шыңғыс хан өзінің нақты ата-тегін жақсы білген, сондықтан да, өзі құрған империяға өзінің нақты ата-тегі Мағал руының атын берген болса керек. Бұл Мағал руы дегеніміз қазіргі Байұлы адайлардың құрамындағы ең үлкен ру - Мұңал болады. Ескі жазуларда Мұңал атауы Мұғал, Мұқал деп те жазылады. Мұң+ал деген сөз «қайғыны ал» деген мағынаны беріп тұр. Ал енді мағол хандарының тарихын жазған Рашиден болса, мағол атауының мағынасын түсіндіргенде: «Будьте всегда опечаленными» деп түсіндіреді. (қайғылы болыңдар, қайғыны алыңдар). «Түрік шежіресін» жазған Шыңғыс ханның ұрпағы Әбілғазы хан болса: «Слово «мунгул» состоит из слов «мун и «ол», но так как люди не могли его выговорить, оно со временем превратилось в «мугул». О том, что слово «мун» означает «печаль» известно всем тюркам, а значение «ол» также близко к печали, подходит по смыслу «угрюмый» - деген еді. Меніңше, бұл жердегі «ол» сөзі ежелгі түрік, қазіргі өзбек тілінде «ал» дегенді (возьми) білдіріп тұр. Өзбектердің «алыңыз» дегенді «олыңыз» дейтіндері белгілі. Өзбек тілінің ежелгі түрік тіліне біздердікінен жақындау екені аян. Міне, осыдан біздер Мұңал дегенді «мұңлы» яғни Рашиден айтқан «печальный» деп түсінеміз. Яғни «мағол» атауының бастапқы мағынасы ешқандай да мың+қол, мың+құл, мәңгі ел емес, мұңлы-мұңал болған. Қазақ ақындарының қазақты «мұңлы бабам» дейтіндері осыдан болған. Қазақтың қайсы бір күйінің, әсіресе, қобыздарда ойналатын күйлердің мұң мен шерге толы екені анық. Бұл мұң мен шер қазақта өздерінің ең алғашқы мемлекеттері Юечжи-Кушан патшалығынан айырылып қалған соң пайда болғандай. Орыс зерттеушілері Рим империясымен терезесі тең болған бұл патшалықтың қайда кеткенін түсінбей қалғандықтарынан «империя-призрак» деп атаған. Ғылымда бұл патшалық – «Кушанская проблема» деп аталады. Бұл проблемаға ең алғаш жарық түсірген ғалым, қазаққа арғықазақ мифологиясы атты ғылымды енгізіп, «Арғықазақ мифологиясы» атты төрт томдық қалың кітәп жазып кеткен адайдағы Мұңалдардан шыққан географ - Серікбол Қондыбай марқұм болады. Бұл Серікболды ашқан елтұлғасы Иманғали Тасмағамбет еді.
Жұлдызшы болған Серікбол Қондыбай: «Юечжилер – түркі, қазақ тарихын қалпына келтіруге ең басты тірек буын болады» деген еді. Ал енді, «Алаш» атты тарихи-зерттеу орталығының ғалымдары, елбасының тапсырмасымен қазақтың ру-тайпалар тарихын жазғанда, осы Юечжи мәселесінің қазақтанудың ең елеулі мәселесі екенін айтқан еді. Серікбол Қондыбай өзінің зерттеулерінде ежелгі қытай ақыны Ли Боның өлеңін келтіреді:
Коней небесных род начался,
В стране Юечжи в пещерах.
На спинах у них как у тигра узор,
С драконьими крыльями тело.
Бұл жерде, әрине арқасы ала жолақ (ала ат) болған қазақтың жылқысы айтылып тұр. Ал енді осы өлеңде айтылған қанатты жылқы ретінде біздер адай жылқысын танимыз. Адайлардың аңызында адай жылқысы теңіздің жағасында жайылып жүрген жабыға теңіздің түбінен ұшып шыққан қанатты айғырдың шапқанынан болғаны айтылады. Ал енді Юечжи дегеніміз қытай деректеріндегі ятий, ядий, яда, яғни, - адай болады. Юечжи, юеджи, аджи, аджай, ядий, яда, адай. Яғни Авестада айтылған арийлердің бес тайпасының бірі дай, дахтар. Меніңше дайлар тарихи деректердегі парадария сақтары. (саки парадарая). Яғни парсы жақтан айтқанда теңіздің арғы жағындағы, Маңғыстау, Жайық, Сыр бойындағы арий-сақтар. «Парадария» дегеніміз «теңіздің арғы жағындағы» дегенді білдіреді. Ал енді, Кушан дегеніміз қытай деректеріндегі хушалар, яғни қыпшақтар. Қытайлар қыпшақтарды осылай – хуша, хушянг деп атаған. Сонда, Юечжи-Кушан дегеніміз – Адай-Қыпшақ болады. Қыпшақ пен Қаңлының бір массивтің екі атауы екенін ескерсек, онда, Адай-Қыпшақ дегенімзідің кай+сақтар екенін түсінеміз. Яғни хансақтары (царские скифы) мен парадария сақтарының қосындысы. Енді осы айтқандарымыздың дәлелдерін таңбалы тастардан, яғни қазақтың тас кітәбінен келтірелік.
Біріншіден Тамғалыдағы тастарда қола дәуіріндегі арийлердің қосаяқты арбасы салынған екен. Яғни «бізді танысын» дегендері. Екіншіден, бұл тастарда Шыңғыс ханның тарақ таңбасы деген үш аша айыр таңба, алғашқы қазақтардың жалайыр таңбасы салынған. Адайдағы Мұңалдардың таңбасы да осы үш аша таңба. Таңбалы тастардан бұл таңбаның Ай Тәңірін білдіретінін түсінеміз. Күн Тәңірі болса, архардың кейпінде берілген. Төрелердің ұрандарының «архар» екені осыдан болған. Қиян мен Нүкүз Ергене қоңға кеткенде архардың ізімен кетті дегендері, олардың күннің артынан, яғни шығыстан батысқа кеткендерін айтып тұр. Қытай деректері Ферғана аңғарын «Батыс өңірі» деп атайды. Осымен қатар Тамғалыдағы таңбалы тастарда (ғибадатханада) құйрығы шұнақ ит пен архар жануарының Ай мен Күннің символдары екендері анық көрсетілген. Яғни құйрығы шұнақ ит – Ай, архар –Күн. Осыдан біздер қазақ мифологиясындағы Бөрте шененің бөрі емес, Бөрте шұнақ ит екенін түсінеміз. Ал енді Бөрте шененің жары деген Қуа Марал анығында Қоймарал болады. Әбілғазы архардың ежелгі атауының қоймарал болғанын айтады. Яғни, «Құпия шежіредегі» Бөрте шене мен Қоймарал анамыз ешқандай да тарихи тұлғалар емес, дала ауыз тарихының дерек беруіндегі шежірелік тәсілге сай айтылған, қазақтар табынған Ай мен Күннің символдық тұлғалары. Орыстардың иттің күшігін «щенок» дейтіндері қазіргі мағолдардың тіліндегі чино-шенеден, яғни бөріден емес, қазақтың «шұнақ» дегенінен болған. Шұнақ дегеніміз ит атауының бір синонимі болады. Өйткені, қазақтар есте жоқ ерте заманнан бері, иттің құйрығы ұйықтағанда тұмсығын басып қалып, атаңа нәлет бөрінің иісін сезбей қалмасын деп, оның құйрығын шауып тастайтын болған. Сондықтан да таңбалы тастардың бәрінде десе болады, төбетіміз құйрықсыз салынған. Тек тазы ит қана қайқы құйрықты көрсетілген. Матайлардың «бөрі» таңба деп жүрген, бірде қайқы құйрықты, бірде шұнақ құйрық жануарды бейнелеген таңбалары анығында арийлердің «ит» таңбасы. Таңбалы тастарда бөрінің суреті ешқашан да қайқы, шұнақ құйрық болып салынбаған. Иттің құйрығын қайқы қылып арийлер қасқырдан айыру үшін салған. Қасқыр төмен салақтаған тік құйрықты ретінде салынатын болған. Міне, «Құпия шежіренің» басындағы Бөрте шене мен Қуа Марал деген кейпкерлер қазақтардың табынған Айы мен Күні болады. Қашаған жыраудың: «Шыңғыс хан туды архардан» дегені, Шыңғыс хан архар жануарының Күн Тәңірінің символы екенін білген, сондықтан оның ұрпақтары «Архар» ұранын алған. Меркіттер Бөртені ұрлап әкеткенде, Шыңғыс хан қымызды төгіп Күн Тәңіріне құрбан еткен.
Шыңғыс ханның адай екенінің көптеген мифологиялық, фольклорлық, шежірелік, генетикалық, таңбалық дәлелдері бар. Мәселен, Шыңғыс хан баяуыттарға, яғни Байұлына «утэку» деген атақ берген. Утэку дегеніміз «атеке», ғылымда «оток» – ата ру дегенді білдіреді. Кейбір дым білместер: «Шыңғыс хан қайда, адай қайда?» деп, Мағол үстірті мен Маңғыстаудың арасының жер мен көктің арасындай екенін айтады. Кезінде халықтардың ұлы көші болды, Түрік қағанаттарының алай-дүлей замандары болды, Шыңғыс ханның аламандығы болды, осыдан кейін Алтайдағы тайпалар Еділ, Жайық, Каспийдің жағалауынан бірақ шықты. Днепрдегі тайпалар Орта Азияға келді. Белгілі түркітанушы Сәрсен Аманжолов ағамыздың айтқанында Алшындар, соның ішінде Адай да бар, Алтай тауларынан ауған. Кезіндегі Найман мемлекетін Адайлар да құрысқан, сондықтан да наймандар билеген жерлерде, яғни Тарбағатай, Алтайдан бастап Хангайға дейінгі жер атауларында Адайлардың ізі қалған. Мәселен, қазіргі Алтай халқы дейтін Теленгиттерде, яғни бұрынғы Жалайырдың құрамында болғандарда «Ма-Адай қара» жыры бар. Осы жырда:
&