Пәтер орнына 33 тонна тас сыйлаған жігіт қалыңдығын таңқалдыра алмады

/uploads/thumbnail/20170709231028243_small.jpg

Үрімші қаласының тұрғыны өз қалыңдығына 160 мың долларға пәтер алудың орнына 33 тонналық тас сыйлаған. Бұл туралы «Қамшы» порталы  Lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Лю Фэй  өзінің қалыңдығы Ван Фанфанға пәтер сатып алып беремін деп уәде берген. 14  наурыз күні өзі уәде еткен пәтерінің орнына коллекция жинаушыдан тас сатып алған. Сатушы бұл тасты метеорит деп сендірген.  Қалыңдығын таңқалдырмақшы болған қытайлық азамат сыйлығын 1 миллионға(160 мың доллар) сатып алған.

Фэй тас бетін қызыл  матамен жауып, оның үстіне гүл жапырақтарын сеуіп дастархан жайған. Қалыңдығын, достарын шақырып сүйіктісіне ұсыныс жасаған. Сүйіктісі ұсынысқа келіскенімен, қатты  таңқала қоймаған. Тіпті, өзінің әлі тұрмысқа шыққысы келмегенін жеткізген.  

Қатысты Мақалалар