АҚШ-та бүтін бір қала сатылымға шықты

/uploads/thumbnail/20170709231303886_small.jpg

Артық 3,5 миллион доллары бар адам Орегон штатында орналасқан қаланы сатып ала алады деп хабарлайды «Қамшы» Вести.ру-ға сілтеме жасап.

Тиллер атты жерде екі адам тұрады. Оның аумағы – 100 гектар. Онда 6 үй, мектеп, шіркеу бар. Қаланың жанындағы елді мекенде 250 адам өмір сүріп жатыр. Қала ерлі-зайыптыларға тиесілі.

Қаланың негізін қалаған Аарон Тиллер. Ол 1902 жылы қалада пошта бөлімшелерін ашты. Онда ағаш дайындаумен айналысатын отбасылар тұрған. Алайда жылдар өте келе ағаш өңдейтін кәсіпорын банкротқа ұшырап, халық қаладан көшіп кеткен.

 

Қатысты Мақалалар