Бакуде, Наурыз мейрамы қарсаңында тойланатын «Илахыр чершенбе» кезінде оқыс оқиға орын алды. Салтанатты керуеннің құрамындағы бір түйе аяқ астынан тулап, үстінде отырған қызды жерге құлатты. Онысымен қоймай, асау хайуан жерде жатқан қызды аяғымен таптап өте шықты. Зардап шеккен қызға медициналық жәрдем көрсетілді.
Пікір қалдыру