Елімізге белгілі әнші, саксофонист Серік Ибрагимов бірнеше ай бұрын шаңырақ көтеріп, отбасын құрған болатын. Елдің ауызында жүрген танымал әнші өз тойында аяулы жарына ән арнап, елді таң қалдырған, деп хабарлайды "Қамшы"
Ән "Махаббатым" деп аталады. Белгілі болғандай, аталмыш әнге бейнебаян түсіріліп, онда әнші Серік Ибрагимов пен жары Айнамкөз қосалқы рөлді сомдаған. Бейнебаянның негізгі мазмұны - даяшы болып жұмыс істейтін қос ғашықтың тағдыры мен хикаясы.
"Махаббатым" әніне түсірілген бейнебаянға жалпы жұртшылық оң пікірлерін білдіруде.
Пікір қалдыру