Ерекше қоңыр дауыс иесі, қазақ эстрадасының жаңа жарық жұлдызы Қуандық Рахым Альбина Шардаровамен дует құрып, өзбек әні «Азизмның» сазына жазылған «Болайық бірге» әніне бейнебаян түсіргені бәрімізге белгілі. Ән бүгінде жастар арасында аса танымалдылыққа ие.
Негізінен, өзбектің ерекше сазды «Азизм» әні Жасурбек Жабборов пен Дилноза Акбарова орындауында танылғанын айта кеткен жөн.
Аталмыш әннің сазына қырғыз әншілері Нурлан Насип пен Самара Каримова да «Бололу бірге» деп ән жазып, өз нұсқаларында бейнебаян түсірді.
«Қамшы» порталы үш нұсқадағы бейнебаянды назарларыңызға ұсынады.