Әке-шешесін қатты сағынған жігіт «дембелін» күтпей үйіне қашып кетті

/uploads/thumbnail/20170710052606552_small.jpg

20 жасар жігіт Ақтөбедені әскери бөлімнен қашып, үйіне Қандыағашқа кетіп қалған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.  «Ата-анамды қатты сағындым, шыдай алмадым» деп әскерден қашып кеткен солдаттың оқиғасы aktobetimes.kz жарияланған болатын. Оны қазақшаға аударып, оқырман назарына ұсынамыз.

Ғалымжанов есімді солдат басында Өскеменде әскери борышын өтеуі тиіс болған. Бірақ үйіне барғысы келе беретін оны басшылық аяп, түсіністік танытып, оны үйіне жақын маңға ақтөбелік бөлімшеге ауыстырған. Алайда бір ай өтпей жатып жігітіміз ата-анасына деген сағынышқа шыдай алмай әскери антына берік болмай Қандыағаштағы үйіне қашып кетеді.

"Оны әке-шешесінің үйінен тауып алдық. Біз келгенде әкесі ұрысып жатқан баласына. Казармаға орал деп жатқан. Маған белгілі болғандай, әке-шешесі балаларын әскерге әдейі жіберген. Есейсін, нағыз ер-жігітке айналсын деп. Әскерге дейін балалары еш жерде жұмыс істмеген", –дейді ҚР Ұлттық гвардиясының  6655 ә/6 командирінің орынбасары, майор Денис Ча.

"Дембельге" жарты қалған солдаттың ісін әскери прокуратура қарастырып, зерттеу жүргізіп, өз шешімін шығарады.

 

Қатысты Мақалалар