Ірі мегаполистерден шаршаған Джон Уэллс Нью-Йорктан қаладан шалғайда орналасқан ауылға көшеді деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Оның үйі 58 тұрғыны бар ауылдың жанында орналасқан. Джонның жаңа баспанасы электр қуатына тәуелді болмайтындай салынған.
Жақында Джон ғаламторға видео жариялады. Ол шөл далада бір шелек суды қойып, түбіне камера орнатқан.
Бір тәулікте шелекке бірнеше жануардың түрі келген. Оның ішінде құстар, кеміргіштер де бар. Олар таза суды ішіп, шөлін қандырып жүр. Ал құрт-құмырсқалар таза суда жүзіп жүрген.
Небәрі бір аптаның ішінде миллион рет көрілген видео адамдарға жылулық сыйлады. Онда «Видеоны көре отырып жаның рахаттанып, жай табатындай» деген мағынадағы пікірлер көп жазылған.
Дайындаған: Әсем Әлмұханбет
Пікір қалдыру