Қытай елшілігіне хат тапсырамыз

/uploads/thumbnail/20170708150806325_small.jpg

Қытай Халық Республикасының интернет ақпарат құралдарының ішіндегі ықпалды, таралымы кең электронды ақпарат құралдарының бірі болып саналатын Шинлаң (sina.com.cn) сайтында Қазақ халқының салт-дәстүрін бұрмалау, қорлау, және мазақ ету мақсатымен жазылған мақала жарық көрді. «Естелік» ретінде жазылған мақаланың авторы Хұң Бау: «Қазақ қонақшыл халық, қонағын күткені сондай қонағына қой сойып, ет беріп күтумен қоймай, қойнына ұзатылмаған үлкен қызын салып береді!» деп, Қазақтың салт-дәстүрінде жоқ, Қазақ халқының ұлттық ар-намысына тиетін жалған оқиғаны өз басынан өткен шындық ретінде жариялады. Хұң Бау мырзаның қазақ халқын масқаралауға арналған осы өтірігі Қытай елінде тұратын қазақтарда ғана емес, сан ғасыр көрші отырған Қазақ елінің азаматтарының, бұндағы қазақтардың да ашу-ызасын туғызды.

Өкінішке орай, бұл шығарма ҚХР сайттарында қазақты қорлау бағытындағы жазылған бірінші мақала емес екенін естеріңізге саламыз. Иісі Түркі халқының, қала берді күллі мұсылман қауымының намысын аяққа таптаған осы жағдайға байланысты 22 қазан дүйсенбі күні таңғы сағат 10:00 де Астана қаласындағы Қытай Елшілігіне (Қонаев көшесі мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылсы) еліміздегі саяси қайраткерлер мен зиялы жұртынан, журналистер мен өзге де қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен көптеген адам қолдап қол қойған наразылық хатын тапсыру шарасы өтеді, бұл шараға Қазақстан Республикасындағы барлық БАҚ өкілдерін бірге үн қосуға шақырамыз. ҚХР халық үкіметіне, ҚХР сыртқы істер минстірлігіне, ҚХР-дың Қазақстандағы Бас елшісіне арнап наразылық ретінде жазылған ашық хат тапсыру шарасына Астана қаласында тұратын ақын-жазушылар, журналистер, студенттер, т.б. көпшілік қауым қатысады.   Суретте ҚХР-ның Қазақстандағы елшісі Чжоу Ли Дереккөз: "Шын" порталы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар