Уәлибек Әбдірайымов, Жүсіп Ақшора бастаған "Шаншар" әзіл сықақ театры кезекті қойылымымен халықты күлкіге кенелтті. Осы жолы халық Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылының тұрғыны Асылжан есімді талантты жігіттің өнерін тамашалады. Уәлибек Әбдірайымовтың айтуынша, Асылжан есімді өнерпазды ауылда трактор айдап жүрген жерінде өнерін байқап, театрға шақырған екен.