Инстаграм әлеуметтік желісінде арықта көз жұмған қызға қатысты видео шықты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Онда оқиға куәгері маусымның алтысынан, жетісіне қараған түні болған қайғылы оқиғаны түсіріп алған. Видео авторының айтуынша, қызды 2,3 сағат бойы арықтан алып шыға алмағын. Видеодан оқиға орнында полицейлер, құтқарушы топтың жүргенін көруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының Фурмонава мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында жаңбырлы күні1995 жылғы қыз арыққа құлап кетіп, көз жұмған.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет