Құлаққап тағып телефонға үңілген қыз поезд астында қалды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710105713514_small.png

Оқиға Үндістанның Мумбай қаласында орын алған. 19 жастағы Натекар Пратикша темір жолдан ұялы телефонына үңіліп құрбысымен хат жазысып келе жатқан. Телефонға қарап құлаққап тағып келе жатқандықтан алдынан шыққан поезді мүлде байқамаған. Видеодан жолаушылардың қыздың назарын аудартуға тырысып жатқарын көруге болады. Алайда қыз өзіне қарай келе жатқан поезді соңғы сәтте ғана көріп қаша бергенде поезд оны басып өткен.

Қуанышқа орай, қыз аман қалған. Поезд машинисі тежегішті дер кезінде басып үлгерген. Нәтижесінде қыз бас зақымдарымен ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақыта қыздың денсаулығы қалыпты.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар