Шанта Джоржан есімді американдық әйел баланың өмірін сақтап қалды. Бриждпорт қаласының тұрғыны «ұшып» келе жатқан көлікті көріп, баланы қолымен қағып жіберген деп хабарлайды NBC4I.
Бала ауруханаға жеткізілді. Ол ауыр соққы алды. Соның арқасында тірі қалды. Бастапқы кезде дәрігерлер оның аяғын кеспек болған. Алайда көптеген операцияның арқасында аяғын аман алып қалды.
«Егер Шанта балаға көмектеспегенде қабырғаға қысылып қалушы еді. Соның салдарынан көз жұмар еді» дейді қалалық полиция басшысы А. Дж. Перес.
Әйелдің өзі қазір ауруханада жатыр. Одан шыққаннан кейін оны халық марапаттамақ.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет