Соңғы кезде "Келесі Президент кім болады?" деген сауал желдей есіп тұр. Мен ондай сауалға "Келесі президент те қазіргі президент болады" деп жауап беремін. Себебі, түсінікті. Қазіргі президент әзірше қызметінен бас тартқалы отырған жоқ. Ал, енді кейбір рейтинг агенттіктердің, жеке тұлғалардың қазіргі кейбір лауазымдыларды жіпке тізіп алып солардың арасынан президент іздейтіндеріне күлкім келеді. Сонда қазақ халқы осы бір ат төбеліндей шенеуніктерге күні қарап қалып па екен?! Біреулер тіпті "осы болады-ау" деп бал ашып алып қазірден жағымпазданып, жалбақтауды бастап кеткендерін қайтерсің. Трагикомедия!!! Ау, жігіттер! Бұларың ұят! Алдымен Конституцияға енгізілген өзгерістерді, өзге де заңды оқып алайық. Назарбаевтан кейінгі президентте қазіргідей кең құзірет болмайды. Парламентке біршама билік берілмек. Жалпы билік тармақтарының арасында біршама тепе-теңдік орнайтын түрі бар? Сондықтан, ендігі жерде "келесі президент Анау болса, Мынау болса екен" деп далбасалауды қояйық! Есесіне, қазірге дейін жөні түзу саяси партия, қозғалыстардың әлі қалыптаспай қоғамда іс жүзінде плюрализмнің орнықпай жатқанын ескеріп Парламентті партиялық тізіммен жасақтаймыз ба, әлде, бір мандатпен жеке тұдғаларды таңдап сайлаған дұрыс па? Жалпы сайлау жүйесін қалай жетілдіреміз? Міне, осыған бас қатырғанымыз абзал болар-ау!
Қуандық Шамахайдың жеке парақшасынан
Пікір қалдыру