Австралияның Мельбурн қаласында темір жол рельсіне бесік арба құлап кеткен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Темір жолда кесте көрмек болған ата-ана сәби жатқан арбадан көз тайдырғаны сол еді, арба құлдилап төмен түсіп кеткен. Олар арбаның құлағанын көргенде сәбиді құтқаруға жөнелген. Сәбидің қазіргі жағдайы туралы ақпарат жоқ.