Сүйінші , Қазақ елі!

/uploads/thumbnail/20170708155945199_small.jpg

Күміс көмей әнші қыздарыңыз Жанар Дұғалова Turkvisyon-2014 байқауының жеңімпазы атанды! Айта кетелік, Turkvizyon – екінші рет өткізіліп отырған жаңа халықаралық музыка фестивалі. Алғаш бұл ән байқауы Түркия мемлекетінің Ескішаһар қаласында тұсауын кескен болатын. Енді міне, биылғы байқауды Татарстан астанасы Қазан қаласы өткізіп отыр. Сайыстың ережесі бойынша, додаға қатысушы өзі шығарған әнді туған тілінде орындауы тиіс. Ән байқауында Қазақ елінің намысын қорғаған Жанар Дұғалова Turkvizyon-2014 сахнасына «Ізін көрем» әнін алып шықты. Бас жүлдеге үміткер әншілердің қатарында болған Жанар енді , міне , жеңімпаз атанып отыр. Есіңізде болса, әнші қызымыз жартылай финалға бірінші нөмірмен шыққан болатын. Байқаудың қорытынды концертін ашу құрметіне ие болған да еді. Түрк әлемінің 25 өкілі күрескен жартылай финалда жерлесіміз 198 ұпай жинап 3 орынға табан тіреген. Ал, ақырғы айналымда Жанар Дұғалова 225 ұпаймен қарсыластарын шаң қаптырды. Татар елінің төрінде жұлдызы жанып, жеңімпаз атанды. Қобалжыдық, қорықтық.. Алайда, үміт ақталды! Қазақтың көз жанары – Жанар Дұғалова , жарады!!!

Назерке Тоғжанова "Қамшы сілтейді"

http://youtu.be/mmXtOPKhZPo

Қатысты Мақалалар