«Талибан» әскерлерінің Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясының әскери базасына жасаған шабуылының салдарынан кем дегенде 26 әскери қызметкер қаза тауып, 13-і ауыр жарақат алды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Министрліктің ресми өкілі Давлат Вазиридің хабарлауынша, Хакрез ауданындағы Карзялай әскери базасында орын алған шабуыл барысында «Талибанның» 80 әскері қаза тапты. Шабуыл 26 шілдеде болды.
Азаттықтың ауғандық редакциясының мәліметінше, ауыр қақтығыста ең азы 30 сарбаз көз жұмды.
«Талибан» 74 әскери қызметкерді өлтіргендерін және 6 адамды ұстағандарын айтып, шабуылдың жауапкершілігін мойындарына алды.
Ауғанстанның Қорғаныс министрлігі оқиға орнына қосымша күштердің жіберілгенін мәлім етті.