Ағылшын тіліндегі пәндердің мұғалімдеріне 25% үстеме жалақы төленеді

/uploads/thumbnail/20170726163114483_small.png

Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының әлеуметтік және білім салаларының жүзеге асырылуына арналған брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Биыл ағылшын тілі курстарына 12 мың мұғалім жазылған. Оның ішінде 4 мың мұғалім ағылшын тілі курстарын бастап кетті. Жаңа оқу жылынан бастап 8 мың мұғалім оқуды бастайды. Курс 3, 6, 9 ай болып бөлінеді. Егер мұғалім 9 айлық курстан өтетін болса, онда оның жұмыс орны, жалақысы сақталып, қосымша шәкіртақысы  төленеді. Жол шығыны өтеледі. Курсты аяқтағаннан кейін ағылшын тілінде сабақ бере алатын болса жалақысына 25% үстеме қосылады»,-  деді Ерлан Сағадиев.

2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндер ағылшын тілінде оқытылатын болады. Сондықтан қазірден бастап сол пән мұғалімдері тілдік курстарын оқып жатыр.

Қатысты Мақалалар