Бүгін халықаралық тауар биржаларында мұнай бағамы тағы өсті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Лондон биржасында Brent маркалы алтының құны 0,78%-ға көтеріліп, 50,59 долларға жетті. WTI маркалы мұнайдың көрсеткіші болса 1%-ға артып, 48,37 долларды құраған. Ал қара алтын бағамының өсуіне өткен күні Америкалық мұнай институтының жариялаған мәліметі себеп болып отыр. Оған сәйкес АҚШ-тағы мұнай қоры 10,2 млн. баррельге азайған.
Бұл болжалған мөлшерден 4 есе аз. Енді бүгін АҚШ энергетика министрлігінің мәліметі шығуы тиіс. Айта кетейік, мұнай бағамы дүйсенібден бері өсіп келеді. Оған Сауд Арабиясының тамыздың бірінен бастап мұнай өндіру көлемін күніне 1 млн. баррельге азайтатыны туралы мәлімдемесі себеп.