Қазақстанда 3 жылға сұйытылған газды тасымалдауға тыйым салынды

/uploads/thumbnail/20170726164939986_small.jpg

ҚР Энергетика министрі 2017 жылдың 29 маусымындағы «Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелеріне қатысты» бұйрыққа қол қойды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұйрыққа сәйкес, қоршаған ортаны қорғау мақсатында және төтенше жағдайды болдырмау үшін 3 жылға Қазақстан Республикасы шекарасынан сұйытылған газ, пропан және бутанды көлікпен шығаруға тыйым салынды.  Сұйытылған газды тек «Алакөл», «Достық» кеден бекеттерінен өткізуге болады.

Бұйрық ресми түрде жарияланған уақыттан 10 күннің ішінде іске асырылады.

 

 

Қатысты Мақалалар