КХДР жаңа зымырандарын іске қоспақ

/uploads/thumbnail/20170726165150223_small.jpg

Солтүстік Корея кезекті зымырандарын сынау үшін дайындалып жатыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы АҚШ әкімшілігі Reuters агенттігіне хабарлаған. Америкалық барлау Кусон қаласындағы құрылықаралық зымырандарды іске қосу үшін жабдықтарды тасымалдау жөнінде хабардар болды.

The New York Times басылымының мәліметінше, америкалық барлау қызметкерлері Солтүстік Кореяның АҚШ құрлығына дейін жететін баллистикалық зымырандарды жасау жұмыстарының қашан аяқталатыны жөнінде болжап көрді. Вашингтон зымыран алдағы жылы дайын болады дейді.

4 шілдеде КХДР құрылықаралық баллистикалық зымыранын сынау процесі сәтті аяқталған. Мұндай шешімді америкалық әскери сарапшылар айтты. Олар «Пхеньянда Америкадағы Аляска және Гавайи аумақтарына ядролық соққы жасай алатын зымыран пайда болған» деп мәлімдеген.

Қатысты Мақалалар