Орталық Коммуникациялар Қызметінде соңғы 25 жылдағы Украина мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың даму тарихына арналған баспасөз конференция өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға ҚР –ғы Украина істері бойынша уақытша сенімді өкілі В.Джиджора, Украина СӨП вице-президенті С.Свистель, ҚР-ғы Украина Елшілігінің баспасөз хатшысы И.Блащук қатысты.
«Жалпы көп ғасырлық тарихы, достығы, өзара түсіністігі негізіндегі өткен ширек ғасырдағы орын алған Қазақстан мен Украина арасындағы қатынастар жосығы (логикасы) - ортақ мүдделерден шыға отырып, екіжақты өзара іс-қимылды дәйекті түрде дамытуға Украина мен Қазақстанның екі жақты талпынысы дәлел болады», - деді ҚР-ғы Украина Елшілігінің басшысы В.Джиджора.
Баспасөз конференция барысында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Украина ұлттық секциясы комиссарының орынбасары С.Свистиль ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің маңызын атап өтті. «ЭКСПО-2017 – бұл украиндық энергиялық тиімділік компанияларында бүкіл әлемге украинада жаңартылған энергетиканың айтарлықтай перспективалық дамуы туралы мәлімдеуге мүмкіндік беретін бірегей іс-шара. Өзара тиімді «жасыл» байланыс жасау», - деді С.Свистиль.
Елшіліктің баспасөз хатшысы И.Блащук Қазақстандағы Украинаның алғашқы Елшісі Тарас Шевченко деді. «Ұлы украиндық жазушы, суретші және ойшыл Қазақстанда 10 жыл өмір сүрді – 1848 жылдан бастап 1857 жылға дейінгі аралықта патшаның жарлығы бойынша айдауда болды. Айдалу кезеңінде өз шығармаларының едәуір бөлігін әсіресе көркем сурет өнерін Т.Шевченко Қазақстанға арнады. Ол заң бойынша қазақ сурет өнерінің негізін қалаушы болып есептеледі. Осы жылдары салынған 450 картиналары мен суреттері ішінен 350 қазақ халқына, оның тұрмысына және Қазақстанның табиғатына арналған», - деді И.Блащук.
Естеріңізге саламыз, осы жылы Украина мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылғанына 25 жыл толады.
23.07.1992 ж. Қазақстанның СІМ 04.01.1992 ж. Украинаның СІМ нотасына жауап ретінде Украина мен Қазақстан Республикасы арасында толық көлемде дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталар алмасу формасындағы Келісім жасауды аяқтады.
2009 жылы өткен Қазақстан Республикасындағы Екінші Ұлттық санақтың қорытындысы бойынша этникалық украиндықтар Республика халқының жалпы санының 2,1 пайызын құрады, яғни 333,2 мың адам.
Пікір қалдыру