Алдағы оқу жылында бастауыш және 5-7 сынып оқушылары орыс тілі, әлемтану, музыка және тағы да басқа пәндер бойынша жаңа білім алады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтем беріп. Балалар «Мәңгілік Ел» идеясы туралы айтылатын бейнематериалдар тамашалап, ашық сабақтарға қатысады. Осы тақырыпта шығарма мен диктант жазады. Жоба кезең-кезеңімен енгізіледі. Білім және ғылым министрлігінің берген мәліметіне сәйкес, «Мәңгілік ел» идеясы екі жылда барлық сыныптың бағдарламасына енгізіледі.
Пікір қалдыру