Сағадиев: Латын әліпбиінің нұсқасы жылдың соңына дейін дайын болады

/uploads/thumbnail/20170727095800377_small.jpg

Қазақ тіліндегі латын әліпбиі жыл соңына дейін болады. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, қазір қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жөніндегі арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр.

"Биылғы жылы көңілге қонымды барлық әріпті қабылдау қажет. Бірнеше нұсқа әзірлеп, оны талқылаймыз. Содан кейін латынға көшу жұмыстарының жоспарын түзу керек" деді министр.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осыған дейін "2025 жылға дейін Қазақстан латын әліпбиіне көшуі тиіс" деп мәлімдеген. Кей сарапшылар бұл қадамды "қазақ мәдениетін Ресейдің ықпалынан құтқару" амалы деп санайды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар