Дүниежүзілік футбол жұлдыздары «Астана Арена» алаңында ойнайды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Астанамызда Халықаралық «Expo 2017 Football Cup» футбол турнирі өтеді. Бұл туралы пресс-конференция барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Даму және туризм департаментінің директоры Аллен Чайжунусов хабарлады. Ол өз сөзінде осы турнирді Қазақстан астанасында алғаш рет орын алатын бірегей іс-шара деп сипаттады.
«5-6 тамызда Халықаралық «EXPO 2017 Football Cup» турнирі өтеді. Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия және әлем құрама командалар «Астана арена» алаңында кездеседі. Осы бірегей іс-шара «Аңыздар кубогіне» ұқсас келіп Қазақстан астанасында алғаш рет өткелі тұр», - деп хабарлайды Аллен Чайжунусов.
Қазақстан Футбол Федерациясы президенті Сейльда Байшаков мемлекеттік құрамада Олег Воскобойников, Игорь Авдеев, Андрей Карпович, Қайрат Аубакиров, Мұрат Тлешев, Нұрбол Жұмаскалиев және Андрей Финонченко және басқа да отандық футбол ардагерлері ойнайтынын атап өтті. Сонымен қатар, ол Халықаралық турнир аясында футбол жанкүйерлермен кездесу және спорттық мектеп тәрбиеленушілеріне шеберлік сабақтар өтетінін хабарлады.
«Турнир шеңберінде бірнеше шаралар өтеді. 4 тамызда 17.30- да ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Амфитеатрда командалардың футбол жанкүйерлерімен кездесуі, фото және қолтаңба қою сессиялары өтеді. 6 тамызда сағат 10.00-ден 12:00-ге дейін балалар-жасөпірімдер спорттық мектеп тәрбиеленушілеріне ойыншылар қатысуымен шеберлік сабақтар ұйымдастырылады», – дейді Сейльда Байшаков.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, футбол жарысы билетінің құны 2000 теңге болады, алған билет арқылы кешкі уақытта 18.30-дан кейін Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға болады.
Пікір қалдыру