Еуразия кинофестивалiнiң бас жүлдесiн «Оралман» фильмi жеңiп алды

/uploads/thumbnail/20170729095202701_small.jpg

Елордада алты  күнге созылған XIII «Еуразия» халықаралық кинофестивалi өз мәресiне жеттi деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі expo2017culture.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Кинофестивальдiң  конкурстық бағдарламасына 13 толық метражды және 30 қысқа метражды фильм қатысты. Шараға барлығы 200-ден астам қонақ келдi.  Олардың қатарында Николас Кейдж, Эдирен Броуди мен Джон Малкович сияқты Голливуд жұлдыздары да бар.

«Үздiк ер адам бейнесi» аталымы бойынша Әзірбайжанның «Гранатовый сад» фильмiнiң актерi Гурбан Исмаилов жеңiске жеттi.

 «Үздiк әйел рөлi» аталымына «Моя счастливая семья» фильмiнде ойнаған грузиялық актриса Ия Шугашвили ие болды.

«Үздiк режиссерлiк жұмыс» аталымында қырғызстандық «Кентавр» фильмiнiң режиссерi Актан Арым Кубат жеңiске жеттi.

Конкурстың Бас жүлдесіне қазақстандық «Оралман» фильмi ие болды. Вьетнам елiнiң «Путевая станция» фильмi мен «Гранатовый сад» фильмi қазылар алқасының арнайы сыйлығын иелендi.

Ал, қысқа метражды фильмдердiң iшiнде бас жүлденi қазақстандық «Ит» фильмі жеңiп алды. Қазылар алқасының арнайы дипломымен қырғызстандық «Заплыв» фильмi марапатталды. «Хабар» арнасының нұсқасы бойынша  «Еще один день» фильмi үздiк фильм атанды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар