Астана уақыты бойынша 21 сағат 41 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан басқарылатын «Союз МС-05» кемесі «Союз-ФГ» зымыран тасығышымен ұшырылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Союз МС-05» экипажына ресейлік ғарышкер Сергей Рязанский, американдық бортинженер Рэндолф Брезники және италияндық Паоло Несполи кірді.
«Союз МС-05» кемесінің ұшырылуы Халықаралық ғарыш бекетінің бағдарламасына сай ұйымдастырылады. Ұшу мерзімі 139 тәулікті құрайды.
Экипаж ғылыми зерттеулер жүргізу, фото, бейнетаспаслау және ашық ғарыш айлағына шығуды жоспарлап отыр.
Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандық және ресейлік мамандар зымыран тасығышын ұшыруға қатысты қауіпсіздік шараларын күшейтті.
Пікір қалдыру