Астаналық шенеуніктер қоғамдық көліктерге міне бастады

/uploads/thumbnail/20170729105245041_small.jpg

Астана қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов өзінің Facеbook-тегі парақшасында №25 бағыттағы автобустың кондукторымен түскен суретін жариялады, деп жазады  Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Суреттің автобус ішінде түсірілгені көрініп тұр.

 «Барлық қалаларда жастар пайдаланатын көлік түрі автобус екені белгілі. Астанада да солай. Сондықтан жастар қала әкімінің бастамасын толық қолдайды»,-деп жазды Асхат Оралов.

Алайда желі қолданушыларының көпшілігі Асхат Ораловтың аталмыш әрекетін қолдаса, енді біреуі көзбояушылыққа балап, Әсет Исекешевтің алдында есеп беру ғана деп қабылдап отыр.

Айта кетейік, Астана әкімі Әсет Исекешев елорда әкімдігінде болған мәжілістердің бірінде қала басшыларына қоғамдық көлікпен жүруді тапсырған болатын.

 «Елорда басшылары, қала әкімінен бастап, оның орынбасарлары, аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ басқарма басшылары, ұйымдар мен мекемелердің жетекшілері күніне ең құрығанда бір рет қоғамдық көлікпен жүрулері керек»,-деді қала басшысы.

Айта кетсек, маусым айының ортасында ЭКСПО-2017 кезінде көлікпен қамтамасыз ету және қаладағы жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өткен жиналыста Астана әкімі қалалық автобустардың қызмет көрсетуін  қатаң бақылауға алуға уәде берген еді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар