БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы Иванка Трамппен жабық кездесу өткізген, деп хабарлайды Qamshy.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Мәліметтерге қарағанда, Иванка Трамп БҰҰ-ның штаб-пәтеріне түскі асқа Гутерришпен кездесу үшін келген.
Алайда, Иванка Трамп кездесудің мақсаты мен себебі туралы тіл қатпаған. Кездесу соңында да кездесуде қандай мәселелер талқыланғандығы туралы айтылмады.
Пікір қалдыру