Трамп Ресейге қарсы санкцияны күшейтуге қатысты заң жобасына қол қойды

/uploads/thumbnail/20170729110847205_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей, КХДР және Иранға қарсы санкцияны күшейтуге қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақ үйдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Трамп заң жобасының соңғы нұсқасымен танысты. Онда Трамптың ескертулері ескерілгендіктен оны мақұлдады» деді АҚШ президенті әкімшілігінде.

Бұған дейін 98 сенатордың қолдауымен Ресей, Иран және Солтүстік Кореяға қарсы санкцияны күшейтуге қатысты жоба қабылданған.

Заң бойынша, ресейлік экономикаға қарсы санкциялар аясы кеңейтілді. Сонымен қатар, ресейлік банктерді қаржыландыру уақыты қысқартылды. Мәселен, қаржыландыру уақытын шегеру 14 күнге белгіленсе, енді  60 күнге ұзартылды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар