Путин Ресейдегі америкалық дипломаттардың санын қысқартты

/uploads/thumbnail/20170731102057011_small.jpg

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдегі америкалық дипломаттардың саны 755 адамға дейін қысқаратынын мәлімдеді. Миссия штатындағы қызметкерлердің саны АҚШ-тағы ресейлік дипломатиялық миссиясы штатынының санымен тең – 455 адам болмақ, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

ВГТРК арнасына берген сұхбатында президент дипломаттар мен техникалық қызметкерлер жөнінде айтып тұрғанын хабарлады. Путиннің сөзіне қарағанда, аталмыш шешім АҚШ Конгресінің антиресейлік санкцияларына жауап ретінде қабылданған.

Сондай-ақ, Ресей басшысы АҚШ-қа қатысты өзге шектеу шаралары қолданылмайтынын, оның салдары халықаралық қатынастардың дамуына кері ықпалын тигізуі мүмкін екенін де айтты.

Путин екі ел арасындағы қарым-қатынас жақын арада оңала қоймайтынын да мәлім етті. Алайда терроризм мен жаппай қару-жарақтың таралуымен күрес сынды салаларда серіктестікті жалғастыру аса қажет екенін ескерді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар