Қазақстандық валейболшылар өз тарихында екінші рет 1/2 финалға өтті

/uploads/thumbnail/20170731102726441_small.jpg

Қазақстандық волейболшылар өз тарихында екінші рет ерлер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі prosports.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Игорь Никольченко шәкірттері топта 2 ұпай жинап, үшінші орын алған болатын. Осылайша, ширек финалда қазақстандық волейболшылар Қытайлық Тайпэй командасымен күш сынасады.

Ойын тең дәрежеде өтті, бірақ біздің волейболшылар үш ойында да басымдыққа қол жеткізді — 22:25, 22:25, 23:25. Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тарихында екінші рет құрлықтық доданың жартылай финалына шығып отыр. Алғаш рет 1993 жылы өткен болатын. 

Енді Қазақстан құрамасы жартылай финалда Оңтүстік Корея – Қытай матчының жеңімпазымен кездеседі. Жартылай финалдық ойын 31 шілдеде өтеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар