«Қорғас» ШЫХО аумағындағы астыртын жұмыс істеген ойынхана әшкере болды

/uploads/thumbnail/20170731104845140_small.jpg

"Қорғас" ШЫХО АҚ аумағында астыртын жұмыс істеген ойынхананың әрекетіне тосқауыл қойылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл жайында Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің өкілі Жақсылық Мырзахан мәлімдеді.

"2017 жылдың 26 шілдесінде Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері "Қорғас" ШЫХО аумағында астыртын жұмыс істеген ойынхананы әшкереледі", - деді Жақсылық Мырзахан.

Жедел-тергеу шаралары барысында Алматы облысы Панфилов ауданы "Қорғас" ШЫХО АҚ аумағындағы екі қабатты ғимаратта азарттық ойындарға арналған арнайы үстелдер табылып, тәркіленді. Қолма-қол ақшаны есептейтін 2 аппарат, қолма-қол жасалмайтын төлемдерге арналған 3 POS-терминал табылып, тәркіленді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар