Кезінде тасымалдаушы жолаушылар легінің аздығынан №44 бағыттағы көлік қозғалысын тоқтатқан болатын, алайда Наурызбай ауданының тұрғындары үшін бұл бағыт өте қажет. Осыған орай, Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл бағыттағы көлік қозғалысын қайта ашу туралы шешім шығарды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласының ресми интернет-ресурсына сілтеме жасай отырып. Сонымен қатар көліктің аудандық әкімдік, сот, прокуратура, ХҚКО, басқа да мемлекеттік мекемелер орналасқан Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейін баруы қарастырылған.
№ 44 бағыт бойынша ЛИАЗ маркалы жаңа автобустар жүретін болады, жаңа көлік кондиционермен жабдықталған, қала орталығына келетін жолаушылар үшін өте қолайлы, көліктің соңғы аялдамасы Орталық стадион.

Пікір қалдыру