Отандық медициналық университеттерге шетелдік мамандар жұмылдырылады

/uploads/thumbnail/20170801164646256_small.jpg

 ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов брифинг барысында қазақстандық медициналық  университеттерге шетелдік мамандарды әкелу жоспарлануда  деп жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Primeminister.kz-ке сілтеме жасап. Студенттердің білім деңгейін жетілдіру мақсатында шетелдік профессор, мұғалімдер университет пен жоғарғы оқу орындарында қызмет істейтін болады.

«Бүгінгі күні республикалық екі оқу орнында 2 шетелдік мұғалім  топ-менеджмент деңгейінде қызметке жұмылдырылды. Алдағы уақытта да медициналық оқу орындарға шетелдік мамандарды жұмылдыру көзделіп отыр»-дейді Е.Біртанов.

Министр өз сөзінде шетелдік профессорлардың тәжірибесі біздің медицинамыздың сапасын арттырып, студенттер мен оқытушылардың біліктілігін жоғарылатып, заманауи құрылғылармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар