Зейнолла Самашев: Берелде табылған жәдігерді «Алтын адам» деудің қажеті жоқ

/uploads/thumbnail/20170801170525900_small.jpg

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданы Берел қорғанында табылған тарихи жәдігерге қатысты сол орында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан экспедициялық топтың жетекшісі Зейнолла Самашев түсінік берді, деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

«Берел қорғанында табылған жәдігерді «Алтын адам» деудің қажеті жоқ. Бұл туралы ақпарат асығыс тарап кеткен болуы керек. Біз зерттеп жатқан орын ежелгі тоналып кеткен қорған болатын. Соның ішінен ежелде өмір сүрген әйел адамның бас киімінің қалдықтары табылды. Тоны, белбеуінің қалдықтары сақталып қалыпты. Әбзелдерімен бірге екі аттың қалдықтары табылды. Әлі қазба жұмыстары аяқталған жоқ», - дейді Зейнолла Самашев.

Археологтың айтуынша, қалдықтары табылған ақсүйек әйел біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырдың басы - ІV ғасырдың аяғында өмір сүрген болуы мүмкін.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар