Алматыда көлік қозғалысын ұйымдастырудың кешенді сызбасы аясында кіші көлік айналымы шекарасына қатысты Шевченко және Құрманғазы көшелерінде көлік қозғалысы біржақты болады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Шевченко көшесінің бойында Достық даңғылынан Жароков көшесіне дейінгі аумақта трамвай рельстері алынып тасталған соң жолдар орташа ағымдағы жөндеуден өтеді және батыс бағытқа қарай көліктің біржақты қозғалысы ұйымдастырылады, сонымен қатар оңтүстік жағынан Қонаев көшесінен Жароков көшесіне дейін екіжақты веложол абаттандырылады.
Құрманғазы көшесі бойында Мұқанов көшесінен Достық даңғылына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталған соң шығыс бағытта біржақты көлік қозғалысы қамтамасыз етіледі.
Биылғы жылдың қыркүйек айында көлік қозғалыстарын осылайша ұйымдастыру кедергі нүктелерді қысқартады, аталған көшелерде апатты жағдайлардың алдын алып, Абай даңғылындағы көлік қозғалысының салмағын 15%-ға дейін қысқартады.
№112 бағыттағы автобус шығысты бетке алып, Жароков көшесінен Абай даңғылы және Мұқанов көшесі бойымен Құрманғазыдан шығады.
Пікір қалдыру