Шілденің 24-і мен 30-ы аралығында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған Көрмесіне 309 832 адам, орта есеппен алғанда күніне 44 261 келуші келген, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Естеріңізге салсақ, көрменің бірінші жұмыс аптасында күніне орта есеппен 23 мың адам барған.
Маусымның 10-ы және шілденің 30-ына дейінгі аралықта көрмеге келген жалпы келушілердің саны 1 794 132 адамға жетті. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Көрме кешенінің ең көп тамашаланатын нысандары:
Нұр Әлем
Коммерциялық павильондар
Шелл
Балалар саябағы
Тақырыптық С3.5
Дю Солей Циркі
Амфитеатр
Тақырыптық С 2.4
Шығармашылық Энергия Аймағы
АРТ орталығы
Ең көп баратын павильондар:
Африка Плазасы
Үндістан
Мысыр
Түркия
Ресей
Таиланд
Жапония
Өзбекстан
Әзірбайжан
Сауд Арабиясының Патшалығы
Айта кетсек, көрмеге кірудің билеттері құны бірнеше түрге бөлінді: а) кез-келген күн үшін тіркелген билет - 4000 теңге;
б) кез-келген күнге билет - 6000 теңге;
в) Кез-келген күннің кешкі билеті - 2000 теңге;
г) Жазылым - 25 000 теңге;
e) сувенир билеті - 20 000 теңге) Жастарға арналған билет - 0 теңге.
Пікір қалдыру