Ауғанстанда террористер мешітті жарды: 29 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170802094548865_small.jpg

Ауғанстанның солтүстік-батысында орналасқан Герат қаласындағы мешітте орын алған террористік әрекет салдарынан 29 адам көз жұмды. Екі содырдың бірі жарылғыш затты іске қосып,  өзін-өзі жарып жіберген, ал екіншісі мешітке келушілерді атып тастаған. Нәтижесінде 64 адам жараланған. Бұл туралы провинция мэрі мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі НТВ-ға сілтеме беріп.

Бұған дейін 20 адамның көз жұмғаны хабарланған еді. Соңғы деректерге қарағанда шабуыл шииттер құлшылық ететін мешітке жасалған. Әзірге лаңкестік әрекетті ешбір топ мойнына алған жоқ.  

Қатысты Мақалалар