Астана несие төлеу қабілеттілігі жағынан халықаралық рейтингке кірді

/uploads/thumbnail/20170802115952085_small.jpg

Moodys Халықаралық рейтинг агенттігі елорданың инвестициялық және несиелік әлеуетінің болжамын «жағымды» деп өзгертті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарапшылар ағымдағы баланс пен қаланың экономикалық дамуы көрсеткіштерінің талдау нәтижелері бойынша, Астана рейтингін Ваа3 деңгейінде екенін растады.

Агенттіктің мәліметтері бойынша, елордада несие төлеу қабілеттілігі деңгейінің өзгеруіне келесі жағдайлар әсер еткен: «ағымдағы бюджеттің іске асырылуының жоғары көрсеткіштері, қарыз берешегінің төмен пайыздық деңгейдегі көрсеткіші, қайта несие рәсімдеуде жоғары емес пайыздар, жергілікті инфрақұрылымға үкіметтік қаржыландырудың айтарлықтай көлемдері, қаланың қарқынды экономикалық дамуы».

Сондай-ақ жүйелік қысымның азаюы атап өтілді. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар