Австралияда ұшақта теракт ұйымдастырмақ болған содырларға жарылыс құралына қажетті компоненттерді ДАИШ террористік тобының басышысы жібергендігі анықталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Австралия құқық қорғау органдары ұшақта жоспарланған терактінің алдын-алды. Екі күдіктіні: 49 жастағы Халед Махмұд Хаят пен 32 жастағы Махмұд Хаятқа теракт жоспарлағандары үшін айып тағылды. Айыпталушылар 15 шілде Сиднейден араб еліне бағыт алған ұшақ бортына бомба қоймақшы болған.
«Жарылыс құралы шетелден келген. Айыпталушылар бомбаны ДАИШ басшысының нұсқауымен дайындаған»-дейді автралиялық полиция басшысының орынбасары Майкл Фелан.
Рейтер агенттігінің мәліметінше, жарылыс құралы Түркияның әуе почтасы арқылы ет тартқышқа жасырын түрде салынып жіберілген екен. Айыпталушыларға өмірлік бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалуы мүмкін.
Пікір қалдыру