Абель Санчес Геннадий Головкин өз карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

/uploads/thumbnail/20170804104216973_small.jpg

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері GGG қашан карьерасын аяқтайтынын айтып берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Санчестің айтуы бойынша, Головкин кәсіпқой бокста әлі бернеше кездесу өткізеді екен. 

"Головкиннің жасы 35-ке келді. Менің ойымша ол тағы 3-4 жыл жұдырықтасып, карьерасын аяқтайды", - дейді Санчес. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта отандасымыз Big Bear жаттығу лагерінде "Канелоға" қарсы өтетін кездесуіне дайындалып жатыр. 

Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Қатысты Мақалалар