Ресей билігі бейсенбі күні 3 тамызда АҚШ-тың вице-президенті Мак Пенстің мәлімедемесін айыптады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
2 тамыз күні Батыс Балқан елдеріне сапары барысында Пенс «Ресей ауданды тұрақсыздандыру ісіне көшті, демократияға нұқсан келтіріп, сендерді және Еуропа елдерін өзара бөлісіп алмақ» деген еді. Сондай-ақ Балқан елдерінің басшыларын «сенімді, әрі агрессия алдында ымырасыз» болуға шақырды.
Ресей сыртқы істер министрілігі шындыққа жанаспайтын мәлімедеменің түбі «шиеленістің ушығуына» әкеліп соғатынын айтты.
«АҚШ белсенді түрде Оңтүстік Шығыс Еуропаның НАТО-ға қосылуына балама жоқ деген тезисті ұстанып келеді. Өкінішке орай, Вашингтон шындықтан толыққанды алыстатылған Суық соғыс кезеңіндегі идеологияны көшіріп келеді», - делінген Ресейдің СІМ хабарламасында.
Сондай-ақ министрлік АҚШ-қа Ресейді және оның ішкі саясатын «қаралай беруін» доғаруға шақырды.