Алматыда кеше 122 жол көлік оқиғасы орын алды деп хабарлайды Tengrinews.kz арнайы ІІД баспасөз хатшылығына сілтеме жасай отырып. Жол- көлік оқиғасының осынша көп мөлшерде орын алуы кеше толассыз жауған қардың себебінен . 25-қараша күні таңертең жауынмен басталған күн райы, аяғы тоқтаусыз жауған қарға ұласып, қала көшелерінде «көктайғақтар» пайда болды. Көліктердің көбісінің дөңлектері жазғы жүру режимінде болғасын, тежегіш жұмыстарының жөнді жұмыс істеуіне кедергі келтіріп, қала көшелерінде қозғалыс қиындады. Былтырғы 2013 жылдың қараша айында осындай себеппен 176 оқиға тіркелген болатын. Полиция қызметкерлері жүргізішілер назарына көлік дөңгелектерін қысқы жүру режиміне ауыстырып, жолда ақырын жүруге кеңес береді. Күн райын болжаушылар дерегіне сүйенек биылғы жыл былтырғы жылға қарағанды аязды, суық болғалы тұр. Бұл болжамның да жүргізушілерді алаңдатары анық.