Елбасы 1-ші желтоқсан күні өтетін еліміздің бас шыршасын жағу салтанатына қатыспақ. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Сол күнге тұспа-тұс келген Президент күні де аталып өтпек. Сол салтанаттың соңын ала 2-ші желтоқсанда Елбасы Түркіменстан еліне мемлекеттік іссапарда болмақ. Онда Қазақстанды қиып өтетін « Үзен –Берект-Горган» темір жол торабының ашылу салтанытына қатыспақ. Ал алдағы айдың 5-6 жұлдыздарында Франция президенті Франсуа Олландтың Қазақстанға іссапары жоспарланған. Аталмыш басқосуда екі елдің қарым қатынасын нығайту мақсаты талқыланады деп күтілуде.