Қала атауын өзгерту туралы ұсыныс бір ой салды. Меніңше, Қазақстан халқы Ассамблеясы 100-ден астам ұлттың ұйыған ауызбіршілігін әр отырыс, әр жиында Елбасының еңбегімен байланыстырып жатады. Ішкі және сыртқы саясатымыз да орыс диаспорасының ыңғайына лайықталып жасалған. Оны барша өңірдегі орыс қауымдастықтары әлдеқашан мойындаған. Сондықтан, Петропавл қаласын - Нұрсұлтан деп ауыстырған жөн сияқты. Бұл атау - орыс диаспорасы арасында ешқандай дау тудырмайтын, бірден-бір лайықты атау болуы тиіс. Сондай-ақ, Ассамблея мүшелері бұл істі ұзаққа созбастан, алда келе жатқан Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесіне сыйлап жіберсе - петр үстіне нұр болар еді!
(Тоқтар Жақаштың фейсбуктегі парақшасынан)